Әсет Серікбаев: Балуандарымыз жылдық көрсеткішіне қарап іріктелді

Әсет Серікбаев: Балуандарымыз жылдық көрсеткішіне қарап іріктелді

Бүгін Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен Алматыда жаңадан ашылған Еркін күрес Академиясының таныстырылу рәсімі өтті. Іс-шараға қатысқан еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев prosports.kz тілшісіне құраманың алдағы жоспарлары жайлы атып берді.

«Өздеріңіз білесіздер тамыз айында Париж қаласында әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі додада күш сынайтын құрама балуандарының тізімі анықталды десе де болады. Ел намысын қорғайтын спортшылар жылдық көрсеткішіне қарап іріктелді. Құрама балуандары үшін шілденің 7-9 аралығында Варашава қаласында өткен «Циолковский» халықаралық жарысы соңғы іріктеу кезең болды. Нәтижесінде, 57 келіде Нұрислам Санаев, 60 келіде Ниязбеков Дәулет, 65 келіде Мейржан Аширов, 70 келіде Ақжүрек Таңатаров. Өкінішке қарай, жоспарлаған болжам әрдайым келе бермейді. Мәселен, 74 келіде Жігер Закировтың (бұғана жарақатын алды) алған жарақатына байланысты оның орнына соңғы халықаралық жарыста үшінші орын алған Ғалымжан Өсербаев баратын болды. Азамат Даулетбеков 86 келіде ел намысын қорғаса, 97 келіде Мамед Ибрагимовты жоспарлап отырмыз. Ал 125 келіде Іңкәр Ермұхамбет. Әлем чемпионатына дейін әлі екі ай бар. Бірде бақ шабады, бірде бап шабады. Спорт болған соң жарақат та қатар жүреді. Сондықтан жарақат мәселесін алдын алу мақсатында құраманың екінші нөмірлі балуандарын бірге жаттықтырсақ деген ой бар.

Әлем чемпионатына келсек, мақсатымыз – әлем чемпионын шығару. Алайда барлығы бір Аллахтың қолында. Жоғарыда аталған балуандарымыз жарақаттан аман болса, алты құрлық біріншілігінде ел намысын абыроймен қорғайды деп сенемін», - деді  еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері.

Естеріңізге салайық, соңғы халықаралық жарыста еркін күрес шеберлері 12 медаль жеңіп алды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или