Алматы қаласында жаңадан ашылған Еркін күрес Академиясының таныстырылу рәсімі өтеді
Шілденің 13-і күні Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының ұйымдастыруымен Алматыда жаңадан ашылған Еркін күрес Академиясының таныстырылу рәсімі өтеді.
Іс-шараға ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрешілер корпусы және бапкерлер штабының жұмысы жөніндегі вице-президенті Ерлан Сәдуақасұлы Қожасбай, еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев, еркін күрестен Қазақстан құрамасының жаттықтырушы-кеңесшісі, Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы Хаджымұрат Гацалов және ұлттық құраманың балуандары қатысады.
Баршаңызға белгілі, биыл тамыз айының 21-26 аралығында Францияның Париж қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Осыған байланысты еркін күрестен бапкерлер штабы әлемдік сайысқа қатысатын балуандар тізімін осы іс-шара барысында жариялайды. Сонымен қатар, шараның соңында «Достық» спорт кешенінде (Абай көшесі, 48) жаңадан ашылған еркін күрес залының да таныстырылымы өтеді деп жоспарлануда.
Іс-шараның өтетін күні: 13.07.2017
Өтетін жері: Алматы қаласы. Коперник көшесі, 130. «Меркурий Медет» спорттық-сауықтыру кешені (М.Горкий атындағы саябақ)
Өтетін уақыты: сағ.12:00.