Еркін күрес шеберлері Польшадан 12 медальмен оралды
Польша төрінде грек-рим (Пытлясинский), еркін (Циолковский) және әйелдер күресінен (Poland open) халықаралық жарыстары өз мәресіне жетті.
«Циолковский-2017» халықаралық жарысында еркін күрес шеберлері бір алтын, үш күміс, сегіз қола медальдарды ел қоржынына еншіледі. Нұрислам Санаев (57 кг) топ жарса, күміс медаль иегерлері Жандос Исмаилов (57 кг), Жігер Закиров (74 кг), Мамед Ибрагимов (97 кг) атанды, ал (57 кг) Ғабит Төлепбай, Ільяс Жұмай, Мейржан Аширов (65 кг), Саятбек Оқасов (61 кг), Ғалымжан Өсербаев (74 кг), Азамат Даулетбеков (86 кг), Альментай Бекдәулет (97 кг) және Іңкәр Ермұхамбеттерге (125 кг) қола медаль бұйырды.
«Poland Open» жарысында әйелдер күресінен Аяулым Қасымова (60 кг) мен Гульмарал Еркебаева (75 кг) қола жүлдені ұтып алды.
Өкіншке қарай, грек-рим күрес шеберлері тек бір жүлделі орынмен қуанта алды. Азамат Құстыбаев 85 келіде ел қоржынына қола медаль еншіледі.
Естеріңізге салайық, аталмыш жарыс шілденің 7-9 аралығында күрестің үш түрінен (грек-рим, еркін және әйелдер) Польшаның Варшава қаласында өттті.