«Циолковский - 2017», «Пытлясинский - 2017», «Poland Open» жарыстарының нәтижесі

«Циолковский - 2017», «Пытлясинский - 2017», «Poland Open» жарыстарының нәтижесі

Польша төрінде грек-рим (Пытлясинский), еркін (Циолковский) және әйелдер күресінен (Poland open) халықаралық жарыстары өз мәресіне жетті.

Беделді «Циолковский - 2017» халықаралық жарысында еркін күрес шеберлері бір алтын, үш күміс, сегіз қола медаль ұтып алды. Нұрислам Санаев (57 кг) топ жарса, күміс медаль иегерлері: Жандос Исмаилов (57 кг), Жігер Закиров (74 кг), Мамед Ибрагимов (97 кг) атанды, ал (57 кг) Ғабит Төлепбай, Ільяс Жұмай, Мейржан Аширов (65 кг), Саятбек Оқасов (61 кг), Ғалымжан Өсербаев (74 кг), Азамат Даулетбеков (86 кг), Альментай Бекдаулет (97 кг) және  Іңкәр Ермұхамбеттерге (125 кг) қола медаль бұйырды.

«Poland Open» жарысында әйелдер күресінен Аяулым Қасымова (60 кг) мен Гульмарал Еркебаева (75 кг) қола жүлдені ұтып алды.

Өкіншке қарай, грек-рим күрес шеберлері тек бір жүлделі орынмен қуанта алды. Азамат Құстыбаев 85 келіде ел қоржынына қола медаль еншіледі.

Естеріңізге салайық, аталмыш жарыс шілденің 7-9 аралығында күрестің үш түрінен (грек-рим, еркін және әйелдер) өттті.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или