Нұрислам Санаев - «Циолковский-2017» жарысының жеңімпазы

Нұрислам Санаев - «Циолковский-2017» жарысының жеңімпазы

Польша төрінде грек-рим (Пытлясинский), еркін (Циолковский) және әйелдер күресінен (Poland open) халықаралық жарыстары өтуде.

Қазақстандық балуан Нұрислам Санаев (57 келі) еркін күрестен Циолковский мемориалының жеңімпазы атанды. Финалдық кездесуде Нұрислам жерлесіміз Жандос Исмаиловты ұтты. Дәл осы салмақта тағы бір отандасымыз Ғабит Төлепбай қола жүлдегер атанды.

74 келіде ел намысын қорғаған Жігер Закиров күміс медалдьды қанағат тұтты. Ақтық сында Жігер Беларусь балуаны Али Шабановтан ұтылды.

Сонымен қатар, Саятбек Оқасов (61 кг), Азамат Даулетбеков (86 кг) және  Іңкәр Ермұхамбет (125 кг) қола жүлдені жеңіп алды.

Ал әйелдер күресінен «Poland Open» жарысында Аяулым Қасымова (60 кг) мен Гульмарал Еркебаева (75 кг) қола медаль иеленді.

Айта кететін жайт, бүгін боз кілемге келесі спортшыларымыз шығады:

65 кг – Ільяс Жұмай, Мейржан Аширов, Амандык Бакеев

70 кг – Зульфикар Махматов, Данияр Кайсанов, Ақжурек Танатаров

97 кг – Альментай Бекдаулет, Мамед Ибрагимов, Ералы Абдрашев

Грек-рим күресі:

66 кг – Алмат Кебиспаев, Данияр Каленов

85 кг – Азамат Кустубаев

Әйелдер күресі:

53 кг – Назгуль Ормахан, Айгуль Нұралым, Жұлдыз Эшимова, Елена Тиссина

63 кг – Зарина Құнанғараева

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или