Мырзағали Айтжанов: «Арландар» Левитсіз-ақ жеңіске жете алады
Cuba Domadores командасына қарсы WSB Бүкіләлемдік бокс сериясының финалдық кездесуі алдында Astana Arlans үш бірдей боксшының көмегіне жүгіне алмайды. Олар Ұлттық құрама спортшылары: Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев және Әбілхан Аманқұл.
Prosports.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановпен хабарласып, жағдайдың мән-жайын сұраған.
- Василий қолын жарақаттап алды. Қазір гипспен жүр. Бірақ 12-ші шілде күні басталатын Ұлттық құраманың жалпы физикалық дайындығына қатысады. Өйткені, жиынның басты мақсаты - спортшыларды бабына келтіру. Оның қолының жарақаты кедергі болмайды. Ал, өкінішке қарай, кубалық командаға қарсы жекпе-жекте шаршы алаңға шыға алмайды.
- Қамшыбек Қоңқабаев және Әбілхан Аманқұлдың да WSB финалына қатыспайтыны рас па?
- Менің білуімше, Қоңқабаев отбасылық жағдайға байланысты клубтың сапынан кетті, ал Аманқұл болса Азия біріншілігінде қолын жарақаттап алған. Аталған екі спортшының жағдайы алдағы уақытта шешіледі. Не дегенмен, қыркүйек айында Германияда әлем біріншілігі келе жатқанын ұмытпау қажет.
- Бұл үш боксшысыз «арландарға» финал қиынға соқпақ.
- Әрине, оңай болмайды. Алайда Astana Arlans-тың сапында Қазақстанның екінші нөмірлі боксшылары жиналғанын ұмытпайық. Жалпы алғанда жақсы құрам жасақталған. Теміртас Жүсіпов, Олжас Сәттібаев, Ілияс Сүлейменов, бұлардан да бөлек Ұлттық құраманың боксшыларына бәскелестік тудыра алатын спортшылар жеткілікті. Сол себепті, Левит, Қоңқабаев және Аманқұлсыз, білікті бапкерлердің қол астында боксшыларымыз Астанада өтетін финалда жеңіске жете алады деген үміттемін.