«Канело» Головкиннің ерекше боксшы екенін мойындады

«Канело» Головкиннің ерекше боксшы екенін мойындады

Мексикалық Сауль Альварес қазақстандық<span> </span>Геннадий Головкинді өзге боксшылардан ненің ерекшелеп тұрғанын айтты.

«Ол өте мықты жауынгер. Шаршы алаңға шыға салысымен нокаутты іздейді. Бұл қасиеті оны басқа боксшылардан ерекшелеп тұр. 

Головкинге қарсы жекпе-жек менің мансабымдағы ең маңыздысы болмақ. Бірақ бұған дейін де үлкен кездесулер өткізгенмін. 

Тарихқа жүгінсек, әлемнің үздік әрі стилі қиын боксшылармен жұдырықтасқан екенмін. Бұл жекпе-жекке қажетті дайындықты жасаймыз және тағы да жеңімпаз атанамыз», — дейді Альвареса.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или