Қазақстандық боксшылар Бангкоктан жүлделі оралды

Қазақстандық боксшылар Бангкоктан жүлделі оралды

Бангкок қаласында жастар арасында бокстан Азия чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орын алды (Өзбекстан - бірінші). Жерлестеріміздің еншісінде - екі алтын, екі күміс және төрт алдын медаль.  

60 келі салмақ дәрежесінде Саматали Толтаев топ жарса, 64 келіде Санатали Толтаев өзбекстандық Билобек Мирзарахитовты жеңіп, Азия чемпионы атанды.  

Күміс жүлде Данил Семенов (91 келі) пен Нұрдәулет Ұланұлына (+91) бұйырды. Айбек Досанов (52 келі), Елдияр Қамшыбеков (81 келі), Бахтияр Смағұлов (56 келі) пен Аята Маржықпаев (75 келі) қола жүлдеге ие болды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или