Шәріпова әлем чемпионы атағына таласады

Шәріпова әлем чемпионы атағына таласады

Астанада ЭКСПО-2017 аясында бокс кеші өтпек.

26 тамызда халықаралықEXPO-2017 көрмесі аясында Астанада кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылмақ. Негізгі жекпе-жекте Қазақстаннан шыққан алғашқы боксшы қыз Фируза Шәріпова әлем чемпионы атағына таласады. Бұл туралы EXPO-2017 ресми сайты хабарлады.

Бокс кешін EXPO-2017 мен Фируза Шәріпованың командасы бірлесіп өткізбек.

Айта кетейік, бұл кеш EXPO-2017 аймағындағы Амфитеатрда өтеді. Оған 6 мың көрермен сыяды.

Шәріпова соңғы жекпе-жегін 29 тамызда Мәскеуде өткізіп, ресейлік Бианка Пряшканы техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Фируза кәсірқой бокстағы жеті жекпе-жегінің біреуінде жеңіліп қалған болатын. Қалған алты кездесуде жеңіске жетіп, оның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или