WBC ұйымы Головкин – Альварес жекпе-жегіне арнайы белбеу дайындады
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес кездесуінің жеңімпазы үшін табысталатын арнайы белбеудің дизайнын көрсетті.
Аталмыш «Адольфо Лопес Матеос» мемориялдық белбеуі ұйымдастырушылар сайтында дауыс беру арқылы таңдалды. Оның дизайнын уичоли - Батыс және Орталық Мексикада тұратын үндістер халқы жасап шығарған.

Естеріңізге салайық, Головкин – «Канело» арасындағы жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) «T-Mobile Arena» аренасында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или