Холифилд Дычконы жаттықтырады
Әлем боксының аңызы Эвандер Холифилд қазақстандық Иван Дычконы жаттықтырады. Бұл туралы америкалық The Heavyweight factory компаниясының Instagram-дағы ресми парақшасы жазды.
<br />
Естеріңізге сала кетсек, өткен айдың соңында 26 жастағы боксшымыз The Heavyweight factory-мен келісім-шартқа отырған болатын. Оның негізгі бапкері Ковалев пен Стивенсті жаттықтырған Дерик Сантос-Россарио болады.
Айта кетейік, Эвандер Холифилд өз мансабында бірнеше салмақ дәрежесінде WBA, WBC, IBF және WBF чемпионы атанды. Сондай-ақ, ол кәсіпқой бокста тарихында ауыр салмақта төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз адам. Одан бөлек, Холифилдтен басқа ешкім екі түрлі салмақ дәрежесінде әлемнің абсолютті чемпионы болып көрген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или