Фируза Шарипова алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Видео
Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова алтыншы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды AllFight.Ru.
Мәскеуде өткен үлкен бокс кешінде жерлесіміздің қарсыласы кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін өткізіп отырған ресейлік Бианка Пряшка болды.
Кездесу алты раундқа жоспарланған еді. Алайда, кездесу басталысымен жекпе-жек тізгінін өз қолына алған Фируза ұзаққа созбады. Бірінші раундтан кейінгі үзілістен соң ресейлік спортшы кездесуді жалғастырудан бас тартып, жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или