Головкин: Мен өзімді Супермэн секілді сезінемін

Головкин: Мен өзімді Супермэн секілді сезінемін

WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен тек рингте ғана қарсылас екенін, ал өмірде дос екенін атап өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.  

Boxingnews24 сайтына сұхбат берген отандасымыз алдағы кездесуге сақадай-сай екенін жеткізген.

«Біз бұрыннан доспыз, айқастан кейін де дос болып қаламыз. Алдағы кездесуде драма ерекше болады. Мексикалық стиль бұл айқасты тек қыздыра түседі. Мен өзімді Супермэн секілді сезінемін», - дейді Геннадий Головкин.

Еске сала кетсек, қос чемпионның текетіресі 16 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile Arena-да» өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или