Василий Жиров ислам дінін қабылдады
Әлемге әйгілі қазақстандық боксшы Василий «Балхаш жолбарысы» Жиров ресми ислам дінін қабылдады.
Бұл жайлы Астананың «Хазрет Сұлтан» мешітінің ресми сайты хабарлады.
Күллі мұсылман мерекесі Ораза айтты Жиров «Нұр Астана» мешітінде өткізіп, ислам дінін қабылдаған.
Жиров – бокстан тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері, бірінші ауыр салмақтағы IBF тұжырымының бұрынғы чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или