Флойд Мейуэзер мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жектің РРV бағасы қанша?
Америкалық кіші Флойд Мейуэзер мен ирландиялық Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жектің РРV бағасы қанша екені белгілі болды.
ESPN ақпаратына сүйенсек, жекпе-жектің Showtime-дағы РРV бағасы 100 доллар. Соңғы рет бокс сүйер қауым мұндай ақшаны 2015 жылы Мейуэзердің филиппиндік Мэнни Пакьяоға қарсы кездесуінде берген болатын.
Айта кетейік, Мейуэзер мен Макгрегор жекпе-жегі бокс ережесі бойынша бірінші орта салмақта өтеді. Кездесу 26 тамызға жоспарланған. Жекпе-жек билетінің ең арзан бағасы – 2200 доллар, ең қымбаты – 70 879 доллар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или