Эванстың допинг сынамасынан кокаин табылды

 Эванстың допинг сынамасынан кокаин табылды

Танымал британиялық теннисші Дэн Эванс допинг-тесттен сүрінгенін мойындады. Оның допинг сынамасынан кокаин табылды.

«Бұл мен үшін өте ауыр күн. Сәуір айындағы допинг-тесттің нәтижесі бойынша қанымда кокаиннің іздері табылды. Алайда бұл теннистен тыс болған жағдай. Мен кокаин қолданып қателік жасадым. Енді ол үшін жауап беуім қажет. Сіздере қарауға менде бет жоқ», — деді Эванс арнайы баспасөз маслихатында.

Британиялық 26 маусымнан бастап барлық жарыстардан шеттетілді. 27 жасағы Эванс әлемдік рейтингтің 50-ші сатысында тұр. Мансабында 950 мың доллардан астам жүлдеге қол жеткзген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или