Мексикада Головкиннің жанкүйерлері аз емес
Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы мексикалық Сауль Альварес екені белгілі. Соған қарамастан, Мексиканың өзінде GGG-дің жанкүйерлері аз емес. Оған боксшының әлеуметтік парақшасында жарияланған видео дәлел бола алады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
GGG тобы жариялаған видеода Геннадий Головкиннің аты жазылған жейделер мен бейсболкаларды ғана емес, Мексика туларын да көруге болады.
Головкин – Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастың «T-Mobile Arena» спорт кешенінде өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де тікелей эфирден көрсетіледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или