Оскар Де Ла Хойя: Канелоға Головкинді нокаутқа түсіру қажет
Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль Альварес кездесуінен қызықты жекпе-жек күтеді.
«Канелоға Головкинді нокаутқа түсіру қажет. Оған бар қаруын сайлап, рингте жанын салу керек. Иә, оған өте ақылды болған жөн, оның үстіне, жан-жақтан жақсы комбинациялар жасап, Головкинді артқа шегіндіруі тиіс.
Сондықтан мен қызық әрі әсерлі жекпе-жек күтемін, себебі Головкин шегінгеннен көрі, қарсы ұмтылғанды жақсы көреді», - деді Де Ла Хойя.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или