Оскар Де Ла Хойя Флойд — Конор жекпе-жегін сынға алды

Оскар Де Ла Хойя Флойд — Конор жекпе-жегін сынға алды

«Golden Boy Promotions» промоутерлік ұйымының басшысы Оскар Де Ла Хойя ESPN арнасының эфирінде Флойд Мейвезер мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жекті сынады.<br />

Оскарға Флойд - Конор жекпе-жегінің 26-шы тамыз күніне белгіленгені ұнай қойған жоқ.

«Бұл сыйламаушылық, — деп бастады сөзін Оскар. — Дана Уайттың біздің бокс кешімізге сәл де болсын құрметтеушілік сезімі болады деп ойлағанмын. Сіздің бұлай жасауыңызға болмайды. Бұл футбол мен бейсбол лигасының финалын арасына үш апта салып өткізумен бірдей».

«Мұндай дәрежедегі спорттық шараны өткізу үшін бір жыл уақытымыз бар. Олар жекпе-жекті қараша немесе желтоқсан айларында өткізуіне болатын еді. Алайда кездесуді тамызға белгілепті. Біз нағыз супер жекпе-жек өткізгелі жатырмыз. Боксшы ретінде Флойд пен Конор кездесуі мені қызықтырмайды. Макгрегордың бокстан хабары аз. Жекпе-жекте не болатынын бәріміз біліп тұрмыз. Бұл Мейвезер үшін оңай кездесу болмақ», — дейді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или