Головкин – Альварес кездесуінің нешеде басталатыны белгілі
Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкин – Сауль Альварес жекпе-жегінің нешеде басталуға жоспарланып отырғанын айтты.
«Негізгі оқиға Шығыс жағалауының уақыты бойынша кешкі 11-ден кеш басталмайды. Сондықтан журналистер мен фанаттарға түннің ішіне дейін күтуге тура келеді. Сіздер жекпе-жекті кешкі сағат 11-де көре аласыздар», - деді Де Ла Хойя Нью-Йорктегі баспасөз-мәслихатында.
Осылайша, қазақстандық көрермендер кездесуді 17 қыркүйекте, шамамен, таңғы 9-да тамашалайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или