«Шахтер» «Атырауға» ойынды не үшін «бере салды»?

«Шахтер» «Атырауға» ойынды не үшін «бере салды»?

Бүгін футболдан ел кубогының жартылай финалында «мұнайшылар» өз алаңында ірі жеңіске қол жеткізіп, финалға жолдама алған болатын. 

Бірінші матчты 1:0 есебімен жеңген «кеншілердің» Атырауға не үшін келгені түсініксіз боп қалды. Кездесу барысында Андрей Финонченконың шәкірттері қақпаға бірде-бір дәл соққы бағыттай алмай, тіпті ірі есеппен жеңілгеннің өзінде де шабуылдамады!

Бұған қоса, матч алдында «Шахтердің» бас бапкері Саулюсь Ширмялис «ауырып» қалып, Атырауға бармаған болатын. Сондай-ақ, «Олимп» букмекерлік кеңсесі «Атыраудың» жеңісіне тым сенімді болды («Атыраудың» жеңісіне 1.2 кэф беріп тұрды).

Бұл кімге керек?

«Шахтер» турнир кестесінің түбінде жүргені бәріне мәлім. Осыған сүйене отырып қарағандылық команда «мұнайшылармен» келіскен көрінеді. Яғни, «Шахтер» «Атырауға» ел кубогының финалдық жолдамасын «бере салса», батыс қазақстандық ұжым кейін «кеншілерге» ел чемпионатында маңызды үш ұпай сыйлайды.

Қарағандылықтар наразы

Матч аяқталысымен «Шахтердің» жанкүйерлері ҚФФ мен ҚКФЛ-ге бұл матчтын қаншалықты «спорттық ережеге сай» өткенін зерттеуді сұрады. Әрине, «кеншілердің» наразылығын түсінуге болады. Өзіңді алдағанымен жанкүйерлерді алдау қиын. Мұндайдан кейін өз командаңа қалай ғана жанкүйер боласың? 

Ендеше Қазақстан футбол Федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми жауабын күтейік...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или