«Атырау» – финалда

«Атырау» – финалда

Қазақстан кубогының жартылай финалында «Атырау» өз алаңында «Шахтерді» қабылдады.

Қарағандыда өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен жеңген болатын. Сондықтан мұнайлы өлкеге олар басымдықпен келді.

Бірінші таймда жанкүйерлер гол көре алған жоқ. Есесіне үзілістен кейін «мұнайшылардың» жанкүйерлеріне қуанатын үш себеп болды. 47-минутта «Атырау» ойыншылары пенальти тебуге мүмкіндік алып, Максимович оны сәтті орындады – 1:0.

Ал 70-минутта Владимир Двалишвили есепті еселеді – 2:0. Бұл есеп алаң иелері үшін қолайлы болатын. Соңғы ысқырыққа дейін атыраулықтар тағы бір гол соға алды. Бұл жолы көзге түскен - Айбар Нұрыбеков. Екі ойынның қорытындысы бойынша есеп – 3:1, «Атырау» ел кубогының финалына жолдама алды.

«Атырау» - «Шахтер» 3:0 (0:0)

Голдар: 1:0 – Максимович 47, 2:0 – Двалишвили 70, 3:0 - Нұрыбеков 90

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или