Қазақстан кубогының финалистері анықталды

Қазақстан кубогының финалистері анықталды

Алматылық «Қайрат» осымен төртінші жыл қатарынан Қазақстан кубогының финалына жолдама алып отыр.

«Халық командасы» жартылай финалда шымкенттік «Ордабасымен» кездескен. Шымкентте өткен ойында командалар есеп аша алмаған болатын.

Есесіне Алматыдағы кездесуде жанкүйерлер бірінші таймның ішінде үш гол көрді. Шымкенттіктердің өкінішіне қарай, үш гол да «Ордабасы» қақпасына енді. 23-минутта Бауыржан Исламхан «Қайратты» алға шығарған. Араға жеті минут салып, Андрей Аршавин есепті еселеп тастады.

Ал 37-минутта Жерар Гоу қанжығасын майлады. Үзіліске дейін өзіне қажетті есепке қол жеткізіп алған «Қайрат» екінші таймда бар күшін сала қойған жоқ. Оның үстіне, 84-минутта қонақтар сапынан Темірлан Ерланов алаңнан қуылды. Десе де, ең соңғы минуттарда Виталий Ли есеп айырмасын қысқарта алған. Бірақ бұл жеткіліксіз болатын. 

Қорытынды есеп – 3:1. Финалда «Қайрат» пен «Атырау» күш сынасатын болды.

«Қайрат» - «Ордабасы» 3:1 (3:0)

Голдар: 1:0 – Исламхан 23, 2:0 – Аршавин 30, 3:0 – Гоу 37, 3:1 - Ли 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или