русский язык
Бокс

Уорд Ковалевті техникалық нокаутпен жеңді

Уорд Ковалевті техникалық нокаутпен жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Лас-Вегастағы Mandalay Bay аренасында жартылай ауыр салмақтағы WBA/IBF/WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы америкалық Андре Уорд 34 жастағы ресейлік Сергей Ковалевпен (30-2-1, 26 KO) қарымта кездесу өткізді.

Ковалев жекпе-жек барысында сенімді қозғалды. Дегенмен сегізінші раундта алған соққыдан кейін ресейлік бірнеше сериялы соққыларды жіберіп алып, өзін жайсыз сезіне бастады. Реферидің жекпе-жекке араласуына тура келіп, жеңісті америкалыққа берді. Андре Уорд техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Қайталау кезінде Уорд бірнеше рет белден төмен соққы бағыттағаны көрінді. Сонымен қатар, Ковалев кездесуді жалғастыруға толық дайын екенін білдірген. Көрермендер төрешіге наразылық білдіріп, шешімді ысқырықпен қарсы алды.

Төрешілер шешімі:

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;