Сабыров салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Сабыров салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров Монреальдағы (Канада) жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Сабыров америкалық Лорант Нельсонмен 4 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Қос боксшы да екінші орта салмақтың (168 – фунт 76,2 кг) лимитіне сай келді. Сабыров таразыда 167,75 фунт (76,1 кг) көрсетсе, Нельсонның салмағы 167,5 фунт (76 кг) болды.

Естеріңізге сала кетсек, Нұрзат Сабыров кәсіпқой бокста дебютін 2 маусымда өткізген болатын. Алғашқы жекпе-жегінде польшалық Касьян Инглотты техникалық нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или