Бақтияр Эюбов 13-ші жеңісіне қол жеткізді

Бақтияр Эюбов 13-ші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов кәсіпқой рингтегі 13-ші жеңісіне қол жеткізді.

Жекпе-жек екінші орта салмақ аясында АҚШ-та өткен. Эюбовтың қарсыласы мексикалық Сезар Сориано Берумен болған. Отандасымыз қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте 13-ші жеңісіне қол жеткізді. Эюбов әзірше жеңілген жоқ. Кездесулерінің 11-ін нокаутпен аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или