Алпамыс Дастанбек - Азия чемпионатаның күміс жүлдегері
Бүгін Тайпейде өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында грек-рим күрес шеберлері үшін жарыс аяқталды.
Жарыстың екінші күні 50 және 120 келі салмақ дәрежелерінде балуандар сайысқа түскен еді. 50 келіде ел намысын Алпамыс Дастанбек абыроймен қорғап, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Жерлесіміз алғашқы кездесуінде жапониялық балуаннан басым түсті, ал жартылай финалда үнді спортшысынан айласын асырды. Финалдық бәсекеде Алпамыс ирнадық балуаннан 1:2 есебімен ұтылып, күміс медальды қанағат тұтты.
Ал 120 келідегі Антон Савенко үшінші орын үшін белдесуде жарақат алып, белдесуді жалғастыра алмады.
Естеріңізге салайық, кеше 55 келіде ел намысын қорғап жүрген Ернұр Фидахметов<span> </span>үшінші орын алса, 66 келіде Мерей Бекенов күміс жүлдегер, ал 84 келіде<span>гі Санжар Темірбек қола медальды жеңіп алды.</span>
<span>Осылайша, грек-рим күресінен жастар құрамасы Азия чемпионатында екі күміс, екі қола медальды еншіледі.</span>
<span>Айта кетейік, бүгін жас қыздарымыз жарыс жолын бастады. </span>