Мерей Бекенов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Мерей Бекенов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Тайпейдің Тайчунг қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

66 келіде ел намысын қорғап жүрген Мерей Бекенов бірінші кездесуінде кореялық балуанды айқын басымдықпен жеңсе, жатртылай финалда тәжік балуанын тізе бүктіріп, финалға жолдама алды. Мерейдің финалдағы қарсыласы ирандық балуан болды Өкіншке қарай, финалда Мерей ирандық балуаннан екі минутта жеңіліп, Азия чемпионатының күміс мадальін қанағат тұтты.

Естеріңізге  алайық, бұған 55 келіде ел намысын қорғап жүрген Ернұр Фидахметов үшінші орын алса, Ернар Фидахметов (60 кг) үшінші орын үшін белдесуде қытайлық балуаннан 7:5 есебімен жеңіліп қалды.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или