Мерей Бекенов - Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Тайпейдің Тайчунг қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Мерей Бекенов жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдесін ұтып алды. 66 келі салмақта белдесетін балуанымыз финалдық кездесуде ирандық балуаннан екі минутта жеңілді.
Айта кетейік, бұған 55 келіде ел намысын қорғап жүрген Ернұр Фидахметов үшінші орын алса, Ернар Фидахметов (60 кг) үшінші орын үшін белдесуде қытайлық балуаннан 7:5 есебімен жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или