Бір спортшымыз финалда, ал төрт балуанымыз үшінші орын үшін белдеседі
Тайпейдің Тайчунг қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды.
Жарыстың бірінші күні алты салмақ бойынша балуандар сайысқы түсті. Жерлесіміз Рахмет Сапиев (74 кг) жарыс жолынан шығып қалса, Ернұр Фидахметов (55 кг), Ернар Фидахметов (60 кг), Санжар Темірбек (84 кг) және Олжас Сырлыбай (96 кг) құрлық жарысының қола медальі үшін белдеседі. Ал 66 келіде ел намысын қорғап жүрген Мерей Бекенов финалға шықты. Ол бірінші кездесуінде кореялық балуанды айқын басымдықпен жеңсе, жатртылай финалда тәжік балуанын тізе бүктірді. Мерейдің финалдағы қарсыласы ирандық балуан болмақ.
Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен сағат 16:30-да басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или