Уайлдер: Головкин – жақсы жігіт, бірақ мен Альваресті таңдаймын

Уайлдер: Головкин – жақсы жігіт, бірақ мен Альваресті таңдаймын

Аса ауыр салмақ дәрежесінде WBC чемпионы америкалық боксшы Деонтей Уайлдер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек туралы айтып берді.  

- Маған Головкин ұнайды. Оның шаршы алаңдағы қимылдары керемет. Сондай-ақ, Альварестің де бокс стилін ұнатамын. Менің ойымша, бұл жекпе-жекте Канело жеңіске жетеді. Бір жыл бұрын пікірім басқаша болған. Головкин – жақсы жігіт. Оны талай рет көргенмін. Бірақ мен Альваресті таңдаймын. Бұл кездесудің өтетініне қуаныштымын. Біздің спорт түрімізге бұл керек жекпе-жек, - деді Уайлдер Boxing Scene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин – Альварес жекпе-жегі қыркүйектің 16-ы, Лас-Вегастың «Т-Mobile» аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или