Журналист: GGG шұбатылған тілі үшін өзі құлауы мүмкін
Комментатор әрі журналист Армандо Мендоза қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасар алдында көп сөйлеуін сынға алды.
«Головкиннен осынша көп сөзді алғаш естіп тұрмын. Ал Альварес еш үндемей жаттығып жатыр. Бұл GGG жанкүйерлерінің күдігін тудыруы керек еді. Себебі, асқақтық ешқашан жетістіке жетелемейді. «Канело» ең соңғы жекпе-жегін өткізетіндей дайындалатынына сенімдімін. Сондықтан бұл жерде ешқандай әзіл мен менсінбеушілікке орын жоқ. Головкин қарсыласының мүмкіндіктерін дұрыс бағалауы керек. Әйтпесе шұбатылған тілі үшін өзі құлатқан қарсыластарының күйін кешуі мүмкін», - дейді Мендоза.
Естеріңізге салайық, Альварес - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 20 мың орны бар T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кеші PPV ақылы трансляция арқылы HBO арнасынан көрсетіледі.