Сауль Альварестің сүйіктісі жүкті болып қалды
Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) жақында әке атанады. Бұл туралы TV Notas-қа сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлайды.
<span>Журнал мәліметінше, Фернанда Гомес Альварестің баласын көтеріп жүр. Жарасымды жұптың кездесіп жүргеніне көп болмаған, олар ресми түрде тек 2016 жылдың қазанында Нью-Йоркте қайырымдылық кешінде бірге келгенде кездесіп жүргені туралы жариялады. 24 жастағы Гомес Мехико тұрғыны. Қыз баланың есімі еш жерде шыққан емес, ол осы күнге дейін сұхбат беріп көрмепті. Нақтыланбаған мәлімет бойынша, Альваресті қызбен Оскар Де Ла Хойя таныстырған. </span>
<span>27 жастағы боксшы әлі үйленбеген. Бірақ оның Эмили Цинцамон есімді тоғыз жастағы қызы бар. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или