Пәкістан құрамасын қазақстандық маман жаттықтырады

Пәкістан құрамасын қазақстандық маман жаттықтырады

Бокстан Пәкістан құрамасының бас бапкері қызметіне қазақстандық маман тағайындалады. Бұл туралы Пәкістан бокс Федерациясының бас хатшысы Насир Танг TheNews.com.pk басылымына берген сұхбатында айтып берген. 

«Қазақстан боксы мықты. Сол себепті біз осы елден білікті маман шақыртуды жөн көрдік. Осы мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстан бокс Федерациясы қол ұшын созатынын айтты. Жақын күндері олар ресми түрде жауап беріп, лайықты маман тауып береді деп үміттенеміз», - дейді Пәкістан бокс Федерациясының бас хатшысы.

Бас хатшы Пәкістан бокс Федерациясы маманға ай сайын 2500 доллар айлық төлеуге және үш-төрт жылдық келісімшарт жасауға дайын екен. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или