Дизайнер күртеге Головкиннің суретін салды 

Дизайнер күртеге Головкиннің суретін салды 

Киім-кешектерге әсем суреттер салумен айналысатын дизайнер Ксения Внуковская джинсы күртесіне орта салмақта WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) суретін салды. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Маған өзіндік ерекшеліктері бар қызықты тапсырыстар өте көп түседі және оларды орындаған маған ұнайды. Сонымен қатар, егер ер адамдардың бейнесін салу керек болса, онда GGG сияқты нағыз ержүрек адамдардың бейнесін сомдаған дұрыс деп есептеймін», - деп жазды ол өзінің инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или