Макгрегор мен Мейуэзер 26 тамызда жұдырықтасуы мүмкін

Макгрегор мен Мейуэзер 26 тамызда жұдырықтасуы мүмкін

UFC чемпионы Конор Макгергор мен атақты боксшы кіші Флойд Мейуэзер арасындағы жекпе-жек 26 тамызда Лас-Вегастағы MGM Grand аренасында өтуі мүмкін.

Америкалық БАҚ-тың хабарлауынша, Мейуэзердің промоутерлік компаниясы аталған аренаны 25 және 26 тамызға жалға алып қойған. MGM Grand сайтында бұл ақпарат расталды.

Ал 16 қыркүйекте Лас-Вегаста тағы бір үлкен жекпе-жек өтеді. Қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек T-Mobile аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или