Грек-рим күресінен Гран-при турнирінің нәтижелері

Грек-рим күресінен Гран-при турнирінің нәтижелері

Грек-рим күресінен Грузияның астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Гиви Картозия мен Вахтанг Балавадзе атындағы халықаралық Гран-при турнирі өз мәресіне жетті.

Тбилиси төрінде грек-рим күрес шеберлері бес медаль иеленді. Мейрамбек Айнағұлов (59 келі) пен Данияр Каленов (66 келі) чемпион атанса, күміс медальды соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы Мақсат Ережепов (75 келі) ұтып алды. Ал үшінші орын Даниял Гаджиев (80 келі) пен Нұрмаxан Тінәлиевке (130 келі) бұйырды.

Айта кетейік, балуандарымыз  21-26 тамыз аралығында Парижде өтетін әлем чемпионатында күш сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или