Рафаэль Надаль - «Ролан Гаррос-2017» жарысының жеңімпазы
Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль биылғы Франция Ашық чемпионатының чемпионы атанды.
Финалдық кездесуде оның қарсыласы швейцариялық Стэн Ваваринка болды. Жанкүйерлер қызықты әрі тартысты ойын күткен еді. Алайда Надаль топырақта ойнаудың қас шебері екенін дәлелдеп, 3:0 есебімен жеңіл жеңіске жетті. Қорытынды есеп орытынды есеп 6:2, 6:3, 6:1 испаниялықтың пайдасына.
Айта кетейік, осы жеңістен кейін Надаль «Ролан Гаррос» турнирін 10-шы рет бағындырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или