Мейрамбек Айнағұлов Олимпиада жүлдегерін тізе бүктірді

Мейрамбек Айнағұлов Олимпиада жүлдегерін тізе бүктірді

Мейрамбек Айнағұлов грек-рим күресінен Грузияның астанасы Тбилисиде өтіп жатқан Гиви Картозия мен Вахтанг Балавадзе атындағы халықаралық Гран-при турнирінде топ жарды.

59 келіде ел намысын қорғап жүрген Мейрамабек финалдық кездесуде Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері норвегиялық Стиг Андре Бергиді жеңді. Рио Олимпиадасында дәл осы норвегриялық балуаннан жерлесіміз Алмат Кебіспаев жұбаныш белдесуде ұтылған еді.  

Естеріңізге салайық, соңғы Азия чемпионатында Мейрамбек Айнағұлов күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, 80 келіде Даниял Гаджиев осы турнирдің қола медальін жеңіп алды. Үшінші орын үшін белдесуде Даниял армениялық балуаннан айласын асырды. Ал бүгін Тбилиси төрінде 66, 75, 85 және 130 келі салмақтарда өнер көрсететін балуандарымыз сайысқа түсуде.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или