Кристиан Эриксен: Кездесу қиын болды
Бүгін ӘЧ-2018 Іріктеу кезеңі аясында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Дания командасынан жеңіліп қалды. Кездесуден кейін Дания құрамасы мен «Тоттенхэм» клубының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.
- Кристиан, ойын жайлы айтып берсеңіз?
- Есепке қарамастан кездесу қиын болды. Қарсылас команда алаңда бізге көп қиындық тудырды. Қос команданың ойынына жақсы баға беремін.
- Алматы қаласы, «Орталық» стадион және жанкүйерлер жайлы пікіріңіз қандай?
- Алматы қаласынан тек жақсы әсерлер қалды. Стадиондағы атмосфера керемет. Шынын айтқанда күткеніміз басқандай еді. Алайда бүгінгі қолдау бізді жақсы жағынан таң қалдырды.
- Пенальти мен қызыл қағаз жайлы не айа аласыз?
- Оны видео қайталаудан көрмесең ол жайлы бір шешім шығарып айту қиын. Мен ол сәттерді көрмей қалдым. Сондықтан артық ештеңе айта алмаймын.
- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!