Футбол

Қазақстан Дания құрамасынан жеңілді

Қазақстан Дания құрамасынан жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футболдан ӘЧ-2018 іріктеу кезеңі аясында Қазақстан Дания құрамасын қабылдады.

Алматының Орталық стадионындағы ойын тартысты өрбіді. Гол соғатын алғашқы мүмкіндік даниялықтарда болды – Йоргенсен әріптесінің әдемі пасынан кейін Лория қорғаған қақпаға дәл соққы бағыттай алмады. Артынша Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуков 27 метр қашықтықтан Ренновтың қақпасын көздеген – доп қақпадан биік кетті.

Бірінші таймның ортасында «Фейеноордтың» ойыншысы Йоргенсен таблода есеп ашты – Николай алаң қожайындарының қорғаныстағы қателігін ұтымды пайдаланды. Кейін Серікжан Мужиков есепті теңестіруге жақын болған, бірақ оның соққысына дәлдік жетіспеді.

Ары қарай Қайрат Ахметов та жақсы мүмкіндік болған, алайда «Қайраттың» қорғаушысы қақпаны дәл көздей алмады. Ал бірінші кезеңнің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда бас төреші даниялық ойыншыға қарсы дөрекі ойнаған Бауыржан Исламханға қызыл қағаз көрсетті.

Екінші таймның басында Қазақстан құрамасы өз айып алаңында ереже бұзды. Бас төреші Давид Лория қақпасына он бір метрлік соққы белгілеген – Эриксен пенальтиден есепті еселеді. Ары қарай даниялықтар үшінші голын соғуға жақын болған, алайда Лория қақпасын голдан құтқарып қалды.

Ойынның 75-ші минутында Қазақстан құрамасы доп айырмасын бір голға қысқартты – Исламбек Қуат даниялық қорғаушылардың арасынан сытылып өтіп, Реннов қақпасын дәл көздеді. Араға бес минут салып «Аякстың» жас шабуылшысы Каспер Дольберг есепті 3:1-ге жеткізді. Матч соңына дейін нәтиже өзгермеді.

Бұл жеңістен кейін Дания құрамасы топта екінші орында жайғасты.

ӘЧ - 2018. Іріктеу кезең. 6-шы тур

Қазақстан – Дания 1:3 (0:1)

Голдар: Қуат 75 - Йоргенсен 26, Эриксен 50 (пенальтиден), Дольберг 80

Қазақстан: Лория, Қуат, Ахметов, Логвиненко, Шомко (Вороговский 66), Суюмбаев, Мужиков, Жуков, Нұрғалиев (Бейсебеков 56), Исламхан (к), Қуат, Нөсербаев (Тұңғышбаев 75)

Қосалқы құрам: Исламкулов, Плотников, Вороговский, Ерланов, Сартаков, Жалмұқан, Тұрысбек, Федин, Мұртазаев, Тұңғышбаев, Бейсебеков

Дания: Реннов, С. Ларсен (Дальсгорд 82), Кьяер (к), Вестергор, Дурмиси, Квист (Шене 46), Дилейни, Эриксен, Поульсен (Дольберг 67), Н. Йоргенсон, Брейтуэт

Қосалқы құрам: Хансен, Йенсен, Соренсен, Кристенсен, Бьелланн, М. Йергенсен, Дальсгорд, Дольберг, Лерагер, Шене, Систо, Вибе

Ескерту алғандар: Нөсербаев 18, Логвиненко 63

Алаңнан қуылған: Исламхан 44

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер