Александр Бородюк: Ойыншыларыма алғыс айттым

Александр Бородюк: Ойыншыларыма алғыс айттым

Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк Даниямен ойын жайлы айтты.

- Мен ойыншыларыма алғыс айттым. Олар өздерін жақсы қырынан танытты. Бұл команданың болашағы бар. Нағыз жауынгерге тән мінез көрсетті. Дания құрамасына келер болсам олардан дәл осындай қылық күтпедім. Жата кеп жылау, пенальти сұрау... Біз ойын арасындағы үзілісте қайталауға жүгіндік. Исламханға қызыл қағаз берген сәтте айтарлықтай ештеңе болмаған. Тек допқа талас. Ал талассыз футболдың мәні бар ма? Бірақ қазір футболда басқалай түсінік. Әрбір қақтығыстан соң ойыншының жан айқайын естійсің. Біздің көңіл күйіміз жоқ екені түсінікті болар. Бізге әлі талай жұмыс атқару керек.

- Исламханның қызыл қағазына келсек. Бұл оның дәл осындай алғашқы қылығы емес. Оған қатысты қандай да бір шара қолданасыздар ма?

- Исламхан жақсы ойыншы. Алаң ортасындағы біздің лидерлеріміздің бірі. Допқа талас болды. Бірдеңе деп кесіп айту мүмкін емес. Безбородов мырзаға алғыс айтқым келеді. Ойын соңында киінетін бөлмеге келіп кетті. Төрешінің шешімдері жайлы айтқаннан ештеңе өзгере қоймас. Дәл осы деңгейдегі футболды он адаммен ойнау өте қиын.

- Құрам жайында сұрасам. Неліктен оң жаққа сол жақ қорғаушы Суюмбаев шықты?

- Біз жылдамдық жағынан Бейсебеков Суюмбаевқа қарағанда сылбырлау деп шештік. Тең құрамда ойнағанда басқа ойын болар еді. Суюмбаев өзіне жүктелген міндетті толық атқарды.

- Қуат «Қайратта» тірек қорғаушы болып ойнайды. Екінші таймда ол алдыңғы шепке жақын ойнай бастаған соң құраманың шабуылы жиілей түсті. Мүмкін оны алдыңғы шепте ойнату керек шығар.

- Жақсы сұрақ. Сізбен келісемін. Бүгінгі ойыннан соң бізде де сондай ой қалыптасты. Ол алдыңғы жаққа жиі ойысып отырды. Бізге ұнады. Алдағы уақытта көре жатамыз.

- Алматының атмосферасы жайлы не айтасыз? Алматыны ұлттық құраманың үйі жасауға қалай қарайсыз?

- Жанкүйерлерге рахмет . Стадион толы жанкүйер басынан соңына дейін бізге қолдау көрсетті. <br /><br />- Исламбек Қуат өте жақсы ойнады. Мүмкін оны капитан етіп сайлау керек шығар?

- Жігіттермен ақылдасамыз. Қазір капитанды бас бапкер тағайындайтын уақыт емес.

<span>Естеріңізге салсақ, Алматыда өткен Қазақстан мен Дания арасындағы кездесуде 1:3 есебімен қанақтар </span>жеңіске жетті<span>. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или