Давид Лория: Ойын тағдырын қызыл қағаз шешті
Әлем чемпионатына іріктеу аясындағы Қазақстан Дания кездесуінен соң Қазақстан құрамасының қақпашысы Давид Лория жеңіліс жайлы аз кем айтып өтті.
«Ойын тағдыры бірінші голдан кейін шешіліп қойды дегенге келіспеймен. Ойындағы шешуші сәт болмашы жерден берген қызыл қағаз болды. Жанкүйерлерге бізге қолдау көрсеткеніне алғыс айтамын. Біз оларды аз құраммен ойнап жатсақ та қуантқымыз келді. Бүгінгі құраманың ойыны үшін ұялмауымыз керек. Барлығы қолынан келгенін аянып қалмады», - деді «Ертіс» командасының қақпашысы.
Естеріңізге салсақ, Алматыда өткен Қазақстан мен Дания арасындағы кездесуде 1:3 есебімен қанақтар жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или