Уоррен: Сондерс Альварес - Головкин жұбының жеңімпазымен кездеседі
GGG орта салмақтағы барлық титулдарды біріктіруге бір табан жақын.<br /><br />Британиялық боксшы Билли Джо Сондерстің промоутері Альварес - Головкин жұбының жеңімпазымен кездесу ұйымдастыруды жоспарлайтынын мәлімдеді.
«WBO Биллиге титулын қорғауды міндеттеп қойды. Қазірдің өзінде Хурцидземен кездесу ұйымдастыру қиындық тудырып жатыр. Автандилдің орнына қарсылас табу да оңай шаруа емес.
Келесі аптада жаңалық күтеміз. Титулды қорғағаннан кейін біз Головкин мен Альварес жұбының жеңімпазымен кездесуіміз керек. Бұл - біздің жоспарымыз. Осы жекпе-жекті ұйымдастыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынбыз», - деп Уорреннің сөзін World Boxing News жеткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или