«Арландардың» финалдағы қарсыласы белгілі

«Арландардың» финалдағы қарсыласы белгілі

Қазақстандық «Астана Арланс» клубының Бүкіләлемдік бокс сериясындағы қарсыласы анықталды.

Ақтық сындағы қарсыласы «Cuba Domadores» болмақ. Бұл клуб жартылай финалда Гаванада «Colombian Heroicos» командасын 5:0 есебімен жеңді. Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша есеп – 7:3.

Финалдың қайда өтетіні әзірше белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, «Арландар» жартылай финалда британиялық «Бритиш Лайнхартс» командасын 7:3 есебімен ұтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или