Жанқош Тұраров: Питер Куиллин қазақтарды ерекше мақтады (ВИДЕО)

Жанқош Тұраров: Питер Куиллин қазақтарды ерекше мақтады (ВИДЕО)

«Nelsons Promotion» компаниясының өкілі, кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров prosports.kz тілшісіне сұқбат беруге келісіп, арнайы уақыт бөлді. Мэйвезердің залында жаттығып, шаршы алаңда жеңілістің ащы дәмін татпаған қандасымыз жоспарымен бөлісті.

- Мамырың 27-де АҚШ-тың Флорида штатында мексикалық Густаво Гарибаймен кездесу өткізіп айқын жеңіске жеттіңіз. Шаршы алаңға шығарда «бірден құлатамын» деген мақсат қойдыңыз ба өз алдыңыза?

- Мексикалық қарсыластар осал емес. Олар соққыға шыдай біледі және өздерінің соққылары жойқын. Стилдері сондай. Мексикада ТМД елдері мен Қазақстандағыдай бокс мектебі деген ұғым жоқ. Соңғы қарсыласым шыдамды екен. Басында шығып құлатамын деген ойда едім, бірақ ол қарымта шабуылға шықты. Артынша жекпе-жекті бір дәл соққымен аяқтау үшін ұрыс мәнерін баяулаттым. Нәтижесінде техникалық нокаутпен жеңдім.

- Үйіңізде іңгәләған сәби дауысы шығып жатыр деп естідік...

- Таяуда қызды болдым. Ерекше сезім екен. Бұл қуанышты жайт мені одан сайын жігерлендіре түсті, күш-қуат берді. Кездесу алдында салмақты азайтқанда қызымды ойлап көңіл-күйім көтеріңкі болды.

- Жанқош Тұраров бала кезінде кімге еліктеді?

- Жас кезімде Мигель Котто мен Заб Джуда ұнайтын. Коттоның жойқын соққысына таңғалсам, Джуданың жылдамдығына қайран қалдым.

- Осы қазіргі кәсіпқой боксшылардың ішінде кімді ақылды деп санайсыз?

- Мэйвезердің өнері өте ұнайды, ақылды боксшы. Көп соққы тигізбеген спортшының карьерасы ұзақ болады. Оның стилінен алғаным бар. Себебі 2010-2012 жылдар аралығында Мэйвезердің залында жаттығу жасадым, туған ағасы Роджер мені дайындап үш жекпе-жекке шығарды.

- Жазға жоспар қандай?

- Осы айдың 17-не таман АҚШ-қа қайта жол жүрмекпін. Шілденің соңына таман кездеу өткізем. Бәрі жақсы болса ЭКСПО аясынадағы бокс кешінде өнер көрсетем. Бірақ алдағы қарсыластарым белгісіз.
Қазақ боксшыларының басқалардан айырмашлылығы неде?

- Меніңше алдағы 3-4 жылда қазақ жігіттері АҚШ-та біраз атой салып чемпион болады. Өйткені қарқынымыз мықты. Құлшыныс көрініп тұр, тәртіп те бар. Америкалықтар сияқты бір жекпе-жектен кейін демалып жату деген бізде жоқ.

- Әуесқой боксты кәсіп қыламын деп қай кезде шешім қабылдадыңыз?

- Кішкентай кезімдегі арманым Костя Дзю, Заб Джуда, Тайсон, Жиров сияқты кәсіпқой боксшы атану еді. Жасөспірімдер арасында жұдырықтасқан соң Төлебаев, Хайруддинов сияқты жарыстарға қатыстым, кейін түбегейлі кәсіпқой боксты таңдадым.

- Жекпе-жектерден қанша пайда түседі?

- Қазір қаржылай табыс көріп жатқан жоқпын. Жеке спонсор ағаларым бар. Сол кісілердің ықпалымен шаршы алаңға шығып жүрмін.

- Қанат Ислам мен Мигель Котто жұдырықтасса кім жеңер еді деп ойлайсыз?

- Котто бұрынғыдай емес. Жас кезінде соққысы жойқын-тұғын. Қабағы жарылса да намысты қолдан бермейтін. Ал қазір Қанат одан жылдамырақ. Ұпай санымен ұтып кетуі мүмкін.

- Мэйвезердің залында жаттығу жасадым деп айтып қалдыңыз. Өмірде қандай адам ол?

- Мэйвезердің өзі бір рет жаныма келіп рейтингімді сұрады. Ол кезде 5-0 еді. Спарингке өз шәкіртін шығарып жанкүйер болды. Өмірде өте қарапайым. Болымсыз дүниеге балаша қуанады, кез келген адаммен суретке түседі.

- Қыркүйекте өтетін Альварес-Головкин кездесуіне жеке болжамыңыз...

- Головкин Альвареске шанс бермейтін сияқты. Алдағы кездесуге қатты дайындалады. Себебі «Канело» ұтып кетсе реванш жоқ. Ал Гена ұтса, тағы реванш ұйымдастырып қомақты қаржы табуға мүмкіндік туады.

- Америкаға жиі барасыз, олардың пікірі қандай біз туралы?

- Қазақстан десең болды, - Трипл Джи! Нью-Йоркте өткен соңғы жекпе-жегімді атақты Питер Куиллин тамашалады. Еліміздің боксшыларын әбден мақтап «қазақтың бойында ерекше күш болады» деді.

- Алдағы 2 жылға жоспарыңыз?

- Қазір WBA-де 10-шы, IBF тұжырымы бойынша 14-ші орындамын. Бір екі-жылда рейтингіні бұдан да жақсартып титулдық жекпе-жекке шыққым келеді.

- Сұқбат бергеніңіз үшін көп рақмет. Қазақтың көк байрағын биікке көтеріңіз!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или