Артур Абрахам: Альварес Головкинді жеңе алмайды
Танымал германиялық боксшы Артур Абрахам қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек туралы айтып берді.
«Бұл – үлкен жекпе-жек. Екеуі де керемет боксшылар. Менің ойымша, Головкин – орта салмақтың «патшасы». Қазіргі таңда «Трипл Джиді» тоқтата алатын боксшыны көріп тұрған жоқпын. Альварес те қазақстандық боксшыны жеңе алмайды», - деді Абрахам Boxingscene.com сайтына.
Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы кездесу қыркүйектің 16-ы, Лас-Вегастың «T-Mobile» аренасында өтеді.
Головкин: Альварес мен сияқты панчермен жұдырықтаспаған
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или