Сондерс пен Хурцидзе арасындағы кездесу өтпейтін болды

Сондерс пен Хурцидзе арасындағы кездесу өтпейтін болды

Грузиялық боксшы Автандил Хурцидзенің (33-2-2, 21 КО) Билли Джо Сондерске қарсы жекпе жегі өтпейтін болды.

Оған себеп грузиялық боксшының қамауға алынуы болып отыр, деп хабарлайды Вehindthegloves.com.

Бұл туралы боксшының промоутері Фрэнк Уоррен айтты.

«Бүгін бізге Билли Джо Сондерспен кездесуге міндеттелген Автандил Хурцидзенің Нью-Йоркте қамалғандығын хабарлады. Сол себепті сегізінші шілдеге жоспарланған Лондондағы кездесу айтылған мерзімде өтпейтін болды. Хурцидзенің промоутері Лоу Де Белла айтылған мерзімде айтылған жерге келе алмайтындықтарын айтты», — дейді Уоррен.

Естеріңізге салсақ , Билли Джо Сондерспен Автандил Хурцидзенің кездесуі шілденің сегізіне жоспарланған болатын.

Аталған қос боксшы да қазақстандық жеңіліп көрмеген Геннадий Головкиннің болуы мүмкін қарсыластары саналады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или