Олжас Сәттібаев жеңіске жетті
Лондонда өтіп жатқан Бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалындағы Lionhearts - Astana Arlans командалары арасындағы екінші кездесудің бірінші жекпе-жегінде қазақстандық Олжас Сәттібаев жеңіске жетті.
52 келіге дейінгі салмақта сынға түскен жерлесіміз қарсыласы Ниалл Дин Фаррелден басым болды. Төрешілердің есебі 2:1 (48:47, 47:48, 50:45).
Осылайша қазақстандық команда Қостанайдағы өткен кездесуді қоса есептегенде 5:1 есебімен алда тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или