Головкин: Канело мен сияқты «панчермен» жұдырықтаспаған

Головкин: Канело мен сияқты «панчермен» жұдырықтаспаған

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин TMZ Sports арнасына мексикалық Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі туралы айтып берді.

- Альварес – менің карьерамдағы ең мықты қарсылас болмақ. Ол – өте қауіпті боксшы. Алайда ол мен сияқты «панчермен» жұдырықтасқан жоқ. Жекпе-жек қалай аяқталатынын болжау мүмкін емес. Бірақ оны нокаутқа түсіру үшін бар күшімді саламын. Канело екеуіміз «Биг драма шоу» көрсетуге дайынбыз.

- Канелоның Чавеспен өткен кездесуі туралы не ойлайсыз?

- Мен үшін ең қызығы – неліктен Канело оны нокаутпен ұтпады. Альварес өте көп соққы бағыттады, алайда ешқай соққысы Чавесті құлатпады. Мен үшін бұл түсініксіз.

Естеріңізге сала кетсек, Канело - Головкин жекпе-жегі қыркүйектің 16-ы, Лас-Вегастың T-Mobile Аренасында өтеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или